Техник-технолог – тігін өндірісі және киім моделдеу саласындағы кәсіби маман, киім немесе басқа да тігін бұйымдарын тігетін цехты басқарады.
Техник-технолог мынадай жұмыс түрлерін орындайды:
Тәжірибесі аз маманның орташа жалақысы 100 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің сызу, АКТ саласында білімі болуы тиіс.
Маманның өнер тарихын, қолмен, графикалық планшетте, визуалды редакторларда сурет сала білуі, стильдерді түсінуі, қызметкерлермен және клиенттермен келіссөздер жүргізе білуі маңызды.
Креативтілік және идеяларды түрлендіру қабілеті, шығармашылық ойлау, зерделілік пен ұқыптылық , еңбекқорлық пен шыдамдылық, жауапкершілік, коммуникабельділік сияқты жеке қасиеттер болуы қажет. Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 5-7 жыл.
Бұл мамандықтың артықшылығы – шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді. Жұмыс қызықты және тартымды. Компанияда да, жеке де жұмыс істеуге болады. Оның үстіне, кейін жеке кәсібін ашуға болады.
Жас маман жұмыстың кез-келген кезеңінде тапсырыс берушімен келіспеушіліктің негізінде туындаған стресстік жағдай сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Нормаланбаған жұмыс кестесі мамандықтың кемшілігі болып табылады, жиі қысқа мерзім ішінде, кейде тіпті түнде де жауапкершілікпен жұмыс істеуге тура келеді.
Бұл мамандық еңбек нарығында өте сұранысқа ие болып саналады, тиісінше, қазіргі уақытта техник-технолог лауазымына ашық бос орындарды көп табуға болады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек