"Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі" КМҚК келесі бос лауазымдар бойынша конкурс жариялайды

2023 ж. 22 тамыз

"Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі" КМҚК келесі бос лауазымдар бойынша конкурс жариялайды:

- қазақ және орыс тілдерінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы - 800 сағат (1 мөлшерлеме (ставка) = 720 сағат);

- қазақ және орыс тілдерінде оқытатын информатика және бағдарламалық қамтамасыз ету оқытушысы - 623 сағат (1 мөлшерлеме (ставка) = 720 сағат);

- қазақ және орыс тілдерінде оқытатын дене шынықтыру оқытушысы - 572 сағат(1 мөлшерлеме (ставка) = 720 сағат);

Орналасқан жері (мекен-жайы): Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 70.           Индекс-100900, қызмет түрі: білім.

Телефон нөмірі 87214421430

Бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс кезеңдерінің мерзімдері:

Құжаттарды қабылдау 2023 жылдың  23-29 тамыз аралығында.

Конкурстық комиссияның жұмысы: 31.08.2023 жыл

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

  • жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім;
  • немесе біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда, мамандық бойынша жұмыс өтілі. педагог-модератор үшін кемінде - 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде - 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл ;

Лауазымдық міндеттері:

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

      жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

 

      оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

      білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

      оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

      білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

      білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      басқарудың инновациялық әдістері;

      педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

      экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Лауазымдық жалақының мөлшері

- барлық мамандықтардың оқытушылары 123000,00-ден 174000,00 теңгеге дейін.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: индекс 100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Жауынгер интернационалистер көшесі, 70 ," Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі " КМҚК, қабылдау бөлмесі.

Анықтама телефоны: 8721-44-21084, электрондық мекенжайы: nura-kolledj@mail.ru

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) тиісті құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

   10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Қажетті ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: индекс 100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Жауынгер интернационалистере көшесі, 70 ғимарат, "Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі" КМҚК, қабылдау бөлмесі.

Анықтама телефоны: 8721-44-21430, электрондық мекенжайы: nura-kolledj@mail.ru

Бізді қалай таба аласыз

87214421430
nura-kolledj@mail.ru
Карагандинская область, Нуринский район, п.Нура, ул. Жауынгер-интернационалистов, 70 Мекен-жайды картада көрсету
https://nmpk.mycollege.kz/